Австрияда 3х3 баскетболдан Олимпиадаға іріктеу турнирі басталып, Қазақстан командасы бірінші ойынын өткізді деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық спортшылар Литва командасымен кездескен болатын. Матч 21:9 есебімен литвалықтардың пайдасына аяқталды.

Олимпиадаға іріктеу турнирінде 20 ерлер және 20 әйелдер командасы сынға түсіп жатыр. Олар Олимпиаданың алты жолдамасына таласуда. Қазақстан Бельгия, Литва, Оңтүстік Корея және АҚШ-пен бірге В тобында өнер көрсетеді.