Ресейлік Eagle Fighting Championship промоушені EFC 37 турнирі өтетін күнді жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Ресейлік промоушеннің 37-кеші 18 маусымда Алматыдағы «Алматы Арена» мұз сарайында өтеді. Турнирге көрермендер қатысады.

Кештің басты жекпе-жегінде ресейлік Шамиль Завуров америкалық Зак Зэйнмен кездеседі. Жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов алдағы турнирдің арнайы қонағы болады.

Айта кетейік, EFC промоушені соңғы рет Қазақстанда 2019 жылы желтоқсанда кеш өткізді. GFC 23 турнирінің басты жекпе-жегінде Дәурен Ермеков Артур Гусейновты жеңіп, орта салмақтағы чемпиондық титулға ие болды.