Руслан Сулейманов «Торпедо» хоккей клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы өскемендік клубтың ресми сайты мәлімдеді.

Руслан Сулейманов 1966 жылы 28 желтоқсанда дүниеге келген. Ол Уфаның «Салават Юлаев» командасында өнер көрсетті.

Бапкерлік мансабында «Салават Юлаев» спорт мектебінің аға жаттықтырушысы болып жұмыс істеді. «Торос» тізгінінде Братинаны 2011-2012 және 2012-2013 жылдары екі мәрте жеңіп алды.

Жетістіктері:

- 1994 жылы туған командалар арасындағы Ресей чемпионатының жеңімпазы (2009/2010, 2010/2011)

- Братинаның екі дүркін жеңімпазы (2011/2012, 2012/2013)

- ЖХЛ тұрақты чемпионатының жеңімпазы (2013/2014).