Таразда су добынан V Жастар ойындарының үздіктері анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ұлдар командалары арасында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының, сонымен қатар, Жамбыл облысы, Ақмола облысы, Алматы облысы, Қарағанды облысы және Шығыс Қазақстан облысының құрама командалары өзара бақ сынады.

Нәтижесінде, Алматы қаласының құрама командасы ұллар арасында топ жарды. Жамбыл облысының өкілдері екінші орыннан көрінсе, Қарағанды облысының құрамасы үздік үштікті қорытындылады.

Айта кетерлігі, жастар ойындарына 2002 жылы туған спортшылар қатысты.