Бокстан еліміздің ең жас чемпионы Даниал Сәбит Дубайдағы Азия чемпионатын сәтті бастады. Ол бірінші кездесуде индонезиялық боксшыдан басым түсті деп жазады Olympic.kz.

"Жекпе-жек өте тартысты өтті. Бірінші раундта ұтылып жатқанымды айтқан бапкерлер бір орында тұрмай, аяқпен жиі қозғалып, қарсыласпен төбелеске бармауды ескертті. Осы ескертпелерді орындап, жеңіске жеттім деп ойлаймын. Бәріміз мұнда бір мақсатпен келдік. Чемпион атанғымыз келеді. Ересектер арасындағы бокс оңай емес. Барлығы да тәжірибелі спортшылар. Бұдан да үлкен жарыстарда сынға түсіп, бұдан да үлкен шаршы алаңдарды көргендер бар. Бұл мені одан әрі шыңдай түседі", - дейді Даниал.

Даниал Сәбит 49 келі салмақта ел намысын қорғауда.