«Akuma» CS:GO командасының мүшесі Дмитрий «SENSEi» Шворак EPIC CIS League Spring 2021 жарысы топтық кезеңінің үздік ойыншысы атанды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Данияның HLTV.org порталы Twitter парақшасында хабарлады. Украиналықтың рейтингісі 1,44 болды.

ТМД аймағы үшін алғашқы RMR турнирі 12 наурызда басталды. 16 команда жалпы жүлде қоры 40 мың АҚШ долларын және 10 мың рейтингтік ұпайды сарапқа салады. Турнирдің ұйымдастырушылары - Epic Esports Events және RESF.