Бүгін Нұр-Сұлтанда Қазақстан Кубогы топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеребе нәтижесі

А тобы - «Шахтер», «Ордабасы», «Қызыл-Жар», СДЮСШОР №8;В тобы - «Тобыл», «Тараз», «Атырау», «Мақтаарал»;С тобы - «Астана», «Қайсар», «Ақтөбе», «Ақжайық»;D тобы - «Қайрат», «Жетісу», «Каспий», «Тұран»

Топта бірінші және екінші орын алған командалар ел кубогының ширек финалына өтеді.

Сондай-ақ, Қазақстан Кубогының 1/4 финалына жеребе тартылды.

Ширек финалдық кезеңнің жеребе нәтижесі:

В тобындағы екінші орын - А тобындағы екінші орын;D тобында екінші орын - С тобында екінші орын;С тобының жеңімпазы - D тобының жеңімпазы;А тобының жеңімпазы - В тобының жеңімпазы