Қазақстандық боксшы Евгений Павлов (4-0, 3 КО) кейінгі жекпе-жегінде жеңіске жеткен соң Boxrec.com рейтингінде көтерілді.

Евгений Павлов жартылай жеңіл салмақта 198-ші орыннан 120-шы сатыға көтерілді.

Ол кәсіпқой рингтегі төртінші жекпе-жегін 20 мамырда Новосибирскіде өткізіп, Танзаниялық Насибу Рамадханиді (31-16-2, 18 KO) нокаутпен жеңді.