Италиялық А сериясының соңғы, 38-турынжа «Ювентус» «Болоньяны» 4:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ал қатар өткен кездесуде «Наполи» «Веронамен» тең түсті (1:1).

Осылайша, «Ювентус» 78 ұпай жинап, турнир кестесінде төртінші орын алды. Ал бұған дейін төртінші орында тұрған «Наполи» (77) енді Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнайды.