Америкалық ММА спортшысы Пол Фелдер масабын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы бұрынғы UFC файтерінің өзі мәлімдеді.

37 жастағы Фалдер ММА-дағы мансабын 2011 жылы бастаған. UFC-де өнер көрсеткен алты жарым жыл ішінде ол 15 жекпе-жек өткізді. Рекорды - 9-6. Мансап жолында Пол Эдсон Барбоза, Рафаэль Дос Аньос, Дэн Хукер, Майк Перри және Чарльз Оливейра сияқты файтерлермен жекпе-жек өткізді.

Соңғы рет ол октагонға былтыр қараша айында шықты. Ол кезде Рафаэль Дос Аньостан төрешілер шешімімен жеңіліп қалған болатын. Пол Фелдер қазіргі уақытта UFC турнирлерінің сарапшысы және комментаторы болып жұмыс істейді.