24 мамыр күні Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында бокстан Азия чемпионаты басталады. Ересектер арасындағы құрлықтық сынға Қазақстан командасы да қатысады.

Назарларыңызға қазақстандық спортшылардың алғашқы айналымдағы қарсыластарын ұсынамыз.

49 келі Даниял Сәбит – Квангу Корнелис (Индонезия)

52 келі Сәкен Бибосынов – Ласинду Эранда (Шри-Ланка)

56 келі Махмұд Сабырхан – Мохаммад Хуссам Удин (Үндістан)

60 келі Серік Теміржанов – Даниал Шахбахш (Иран)

64 келі Закир Сафиуллин – Ашкан Резаи (Иран)

69 келі Абылайхан Жүсіпов – Хусаин Алькандари (БАӘ)

75 келі Әбілхан Аманқұл – Саид Сальбрахани (Кувейт)

81 келі Бекзад Нұрдәулетов - Мейсам Гелшлахи (Иран)/ Сумит (Үндістан) жұбының жеңімпазы

91 келі Василий Левит - Эхсан Рузбахани (Иран) /Салтан Алшамари (Кувейт) жұбының жеңімпазы

+91 келі Қамшыбек Қоңқабаев – Нарендер (Үндістан)