Жеңілатлет Жанна Мамажанова Токио Олимпиадасына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі qazathletics.kz сайтына сілтеме жасап.

Спортшы Олимпиада ойындарының нормативін Австриядағы марафонда орындады. Мамажанова 42 км. 195 м. қашықтықта 2:29:01 уақытын көрсетіп, бірінші орын алды.

World Athletics халықаралық қауымдастығы бұл жарыстың нормативі ретінде 2:29:30 уақытын санайды. Бұл Қазақстан еншісіндегі төртінші лицензия.