Қазақстандық боксшы Серік Мұсәділов (8-0, 8 КО) кәсіпқой рингтегі тоғызыншы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз Медлидегі (АҚШ, Флорида) бокс кешінде өнер көрсетіп, онда жергілікті боксшы Кевин Браунмен (2-14, 1 KO) кездесті. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған еді, алайда бірінші раунд аяқталар тұста Мусадилов нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық өзінің кәсіби мансабындағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді. Барлық жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған.