Хоккейден Қазақстан құрамасы 2021 жылғы әлем чемпионаты аясындағы алғашқы кездесуін өткізеді, деп жазады Prosports.kz сайты.

Жарыс қожайындары Латвияға қарсы өткен матчта Қазақстан буллит сериясынан соң жеңіске жетті. Матчтың негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды.

Латвия — Қазақстан 2:3 Б (0:0, 1:1, 1:1, 0:0, 0:1)Шайбалар:1:0 — 27:44 Дарзиньш (Даугавиньш)1:1 — 38:59 Шин (Старченко, Диц)2:1 — 45:25 Букартс (Цибульскис)2:2 — 45:37 Блэкер (Сведберг, Сагадеев)Қақпашылар: Кивлениекс — БояркинШтраф: 8:4 (2:2, 4:2, 0:0, 2:0).

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы элиталық топқа бес жылдан кейін қайта оралды. Әлем чемпионатына 16 команда қатысады. Олар: Қазақстан, Ресей, Швеция, Чехия, Швейцария, Словакия, Дания, Беларусь, Ұлыбритания, Канада, Финляндия, АҚШ, Германия, Латвия, Норвегия, Италия. Топта бірінші-төртінші орын алған командалар плей-офф кезеңіне өтеді.