Кәсіпқой рингте жеңіліп көрмеген қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) видео жариялап, бокстан қазақ стилі нені білдіретінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жәнібек видеода жаттығуларының мақсаты нокаутпен жеңу екенін көрсетті. «Қазақ стилі», – делінген ролик сипаттамасында.

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін 26 маусымда Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткізеді. Қарсыласы бұрынғы әлем чемпионы америкалық Роб Брант (26-2, 18 КО) болады.