Қазақстандық Матвей Герасимов ойнайтын «Ислочь» Беларусь чемпионатының 10-турында өз алаңында «Витебск» командасынан жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын 0:1 есебімен аяқталды. Герасимов жарақатына байланысты бұл ойынға қатысқан жоқ, футболшыға ота жасалған.

«Ислочь» 10 турдан кейін 13 ұпаймен 8-орында келеді.