Олимпиадаға қатысушы спортшыларға жергілікті халықпен байланыс жасауына тыйым салынды. Бұл туралы Жапонияның премьер-министрі Есихидэ Суга мәлімдеді.

«Біздің мақсат – халықтың денсаулығы мен өмірін сақтау. Олимпиада қатысушылары, ресми іс-сапармен келген адамдар мен халық өзара қарымқатынас жасамауы қажет. Біз қатаң инфекциялық бақылау жасауға бар қауқарымызды жұмсаймыз», — деді министр.

Айта кетейік, Жапонияның халқының 80% биыл Олимпиада ойындарын өткізуге қарсы шықты. Дегенмен бұған қарамастан Олимпиада 3 шілде мен 8 тамыз күндері аралығында өтеді.