2020/2021 жылғы маусымдағы футзалдан Украина чемпионатының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалда «Ураган» мен«Продэксим» командасы бақ сынаған. Нәтижесінде «Ураган» жалпы есепте 3:1 есебімен жеңіске жетіп, ел чемпионы атанды.

Айта кетерлігі, «Ураган» клуб тарихында екінші рет Украина чемпионатын жеңіп алды.

Украина чемпионаты. Финал«Ураган» (Ивано-Франковск) – «Продэксим» (Херсон) 5:2 (1:0)Гол соққандар: Кордоба (15), Абакшин (24, 40), Коваль (26), Шеремета (40) – Рониньо (22), Даниэль Роза (33)Сериядағы есеп: 3:1

Фото futsal.com.ua