Кәсіпқой рингте бірде-бір қарсыласына есе жібермеген қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) келесі жекпе-жегін 26 маусымда Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

28 жастағы боксшымыздың он раундтық жекпе-жектегі қарсыласы - орта салмақтағы бұрынғы WBA чемпионы, америкалық Роб Брант (26-2, 18 КО) болады. Жәнібек ешқашан осындай жоғары деңгейдегі қарсыласпен кездескен емес.

Әлімханұлы мен Брант арасындағы айқас өтетін кештің басты жекпе-жегінде украиналық Василий Ломаченконың мен жапон Масаёси Накатани жұдырықтасады.

Жәнібек Әлімханұлы алдыңғы жекпе-жегін өткен жылдың 9 қазанында Лас-Вегаста өткізіп, екінші раундта аргентиналық Гонсало Корианы нокаутқа жіберді (16-4, 6 КО). Брунт соңғы рет рингке былтыр 22 тамызда шықты. Украиналық Виталий Копыленкомен (28-3, 16 КО) қолғап түйістіріп, бесінші раундта техникалық нокаутпен ұтты.