«Нефтехимик» чехиялық қорғаушы Лукаш Клокпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Өткен маусымда хоккейші «Лукко» клубында өнер көрсетіп, Финляндия чемпионы атанлы. Тұрақты маусымда Клок 46 матчқа қатысып, 21 (3+18) ұпай жинады.

Чехиялық ойыншы ҚХЛ-да өнер көрсеткен. 2018/2019 жылғы маусымда «Слован» сапында Клок 54 матчқа қатысып, 8 (1+7) ұпай жинаған. Қорғаушы Чехия құрамасы сапында алдағы әлем чемпионатына қатысады.