16 мамырда баскетболдан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатының үшінші орны үшін матчтар сериясы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қола медальге «Тобыл» мен «Каспий» таласқан. Алғашқы үш ойыннан кейін қостанайлық команда 2:1 алда тұрған.

Ал бүгінгі ойында олар ақтаулық клубты 74:81 есебімен жеңді.

Осылайша, «Тобыл» осы маусымда Ұлттық лиганың қола медалін жеңіп алса, «Каспий» төртінші орын алды.