Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Токиодағы Ойындарға қатысуға арналған лицензиялардың 70 пайызы бөлінгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осылайша, 7800-ден астам спортшы алдағы Олимпиаданың қатысушылары атанып қойды.
Қалған квоталар рейтингтерге сәйкес, сондай-ақ квалификациялық жарыстар арқылы ойнатылады.
Бұл ретте футбол, су добы, спорттық күрес, тректегі және шосседегі велоспорт, гандбол, көгалдағы хоккей, волейбол, құзға шығу, суға секіру, ат спортында жолдамаларды үлестіру аяқталды.
Комментарии