48 жастағы Зинедин Зидан маусым соңында клубтан кетуге шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы TeleMadrid порталы мәлімдеді.

Дереккөз бапкер команда Испания чемпионы бола ма, жоқ па, оған қарамастан клубтан кетуге ниетті екенін айтты.

Зидан бапкерлік мансабында екінші 2019 жылы команда тізгінін ұстады. Бұған дейін ол 2016 жылдан 2018 жылға дейін команданы жаттықтырған. Оның басшылығымен «Реал» үш рет Чемпиондар лигасын жеңіп, екі рет Испания чемпионы атанды.

Осы маусымда 36 турдан кейін «Реал» 78 ұпаймен екінші орында тұр.