Қазақстан чемпионатының 11-турында «Ақжайық» пен «Қайрат» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оралда өткен матч 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Ойындағы жалғыз голды екінші таймда Павел Назаренко соқты.

«Қайрат» ел чемпионатының алғашқы 11 турында жетінші рет ұпай жоғалтып отыр. Бұған дейін «Тараз», «Каспий», «Қызыл-жар», «Шахтер» және «Тобылмен» тең ойнап, «Атыраудан» жеңілген алматылық клуб турнирлік кестеде 4-орында тұр. Басты бәсекелесі «Астанадан» 9 ұпай, ал «Тобылдан» 4 ұпай қалып кетті. Оның үстіне аталған екі команда бір ойын кем өткізген.

Ал «Ақжайық» 11 турда 18 ұпай жинап, турнирлік кестеде 3-орынға көтерілді.

«Ақжайық» (Орал) – «Қайрат» (Алматы) – 1:0 (0:0)

Гол соққан: Павел Назаренко (54 минут)

«Ақжайық»: Илья Караваев (Қ) – Артем Барановский, Мирам Сапанов (К), Сергей Шустиков, Павел Назаренко – Еркін Тапалов, Евгений Яцкий, Алексей Чичиков, Сослан Такулов, Иван Антипов – Николай Ковталюк.

«Қайрат»: Стас Покатилов (Қ) – Дино Миканович, Нұралы Әліп, Раде Дугалич, Ғафуржан Сүйімбаев (К) – Небойша Косович, Денис Поляков, Камо Оганесян, Гулжигит Алыкулов – Вагнер Лав, Хосе Канте.