UFC басшылығы үш файтермен келісімшартты бұзды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Чемпионат» сайтына сілтеме жасап.

Үш файтермен келісімшарт тоқтатылды. Лигадан ауыр салмақтағы Йорган де Кастро, сондай-ақ Оскар Пьехота мен Джастин Киш кетті.

Үш спортшы да кейінгі жекпе-жектерінде жеңіліп қалған.