Қазақстандық OCTAGON промоушенінің баспасөз қызметі Ақтөре Батырбектің қашан жекпе-жек өкізетінін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

28 мамырда Алматыда өтетін OCTAGON 19 турнирінде қазақстандық файтер Ақтөре Батырбеков (2-0) Шерхан Әділовпен (1-2) кездеседі. Бұл жекпе-жек ең жеңіл салмақта (56,7 келі) өтеді.

Ал кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Махир Мамедов қырғыз файтері Адис Таалайбек Уулумен жұдырықтасады.

Турнирдің ресми серіктестері - TURAN және 1XBET букмекерлік компаниясы.