Қазақстандық файтер Қуат Хамитов жекпе-жекке шақырған ресейлік Мариф Пираевқа жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Инстаграм-парақшасында Хамитов видео жариялап, Пираевқа жауап қатты.

«Мариф, мұны айтқым келмеген, бірақ бүгін маған Камил Гаджиев хабарласып, біздің жекпе-жегіміз туралы сұрады. Ол мен сен үшін тым мықты екенімді айтты», - деді Хамитов.

Еске салайық, Хамитов келесі жекпе-жегін 19 маусымда Атырауда өткізеді. Оның қарсыласы Роман Головинов болады.