12 мамырда Нұр-Сұлтанда баскетболдан елрлер арасындағы Қазақстан чемпионаты финалының үшінші кездесуі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалда «Астана» мен «Барсы Атырау» командасы бақ сынап жатыр.

Алғашқы екі ойында «Астана» атыраулық клубты сенімді түрде жеңді - 95:89, 94:80.

«Астана» мен «Барсы Атырау» арасындағы үшінші матч Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:00-де басталады.