28 Панфиловшыларды еске алуға арналған ашық турнирде садақ атудан Алматы облысы көш бастады деп хабарлайды Olympic.kz.

Командалық есеп бойынша Алматы облысы 8 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль жеңіп алған. Екінші орында 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль иеленген Талдықорған командасы. Үздік үштікті 1 алтын, 1 күмісі бар шымкенттіктер тұйықтап тұр.

Жекелей сында Қазақстан командасының мүшелері жүлделі орындарды өзара бөлісті. Атап айтар болсақ, ерлер арасындағы сында Ильфат Абдуллин алтын, Денис Ганькин күміс, Санжар Мұсаев қола жүлдегер атанған.

Әйелдер арасындағы бәсекеде Фарида Түкебаева топ жарды. Күміс пен қоланы тиісінше Анастасия Баннова мен Аружан Әбдіразақ иеленді.