«Қайрат» футзалдан Қазақстан чемпионаты финалының екінші матчында «Атырау» командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нұр-Сұлтанда өткен матч 4:3 есебімен алматылық команданың жеңісімен аяқталды. Жеңімпаздар сапында Фернандиньо, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов және Гадейя гол соқты соқты.

Осылайша, «Қайрат» серияда 2:0 есебімен алға шықты.

Айта кетейік, серия командалардың біреуі үш рет жеңіске жеткенге дейін жалғасады.