Ресейлік файтер, этникалық қазақ Дамир Исмағұлов бразилиялық Рафаэль Алвеске қарсы жекпе-жегі 22 мамырға шегерілгенін растады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жекпе-жегіміз Лас-Вегасқа 22 мамырдағы UFC fight night турниріне шегерілді. Орын ауысты, бірақ жігер бұрынғыдай», – деп жазды спортшы Инстаграм-парақшасында.

Дамир Исмағұлов үшін бұл UFC аясындағы төртінші жекпе-жек болады. Кейінгі үшеуінде ол жеңіске жеткен болатын.

Фото instagram.com/ismagulov_damir