Бокстан ауыр салмақтағы WBC чемпионы Тайсон Фьюри мен WBA, IBF, WBO және IBO белбеулерінің иегері Энтони Джошуа арасындағы жекпе-жек қай күні өтуі мүмкін екені белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист Майкл Бенсон твиттерде «Фьюри-Джошуа жекпе-жегі 14 тамызда Сауд Арабиясында өтуі мүмкін» деп жазды. Жақын арада ресми жарияланады.

Бұған дейін Тайсон Фьюри мен Энтони Джошуа екі жекпе-жек өткізуге келіскен еді. Алғашқысында жеңілген боксшы, екінші жекпе-жекте міндетті түрде реваншқа мүмкіндік алады.