Қазақстандық файтер Қуат «Найман» Хамитов (20-7-1) Instagram алдағы жекпе-жегінен кейінгі жоспарымен бөлісті.

«Осы жекпе-жектен соң Батысқа, Америкаға аттанғым келеді. Жаңа елдерді бағындыруға уақыт келді – Bellator ма, UFC ме бәрібір. Қыркүйек-қазан, сол жаққа жол жүреміз... Сондықтан бізге сәттілік тілеп қойыңыздар!» — деп жазды спортшы Instagram желісіндегі парақшасында.

Қуат Хамитовтің келесі қарсыласы украиналық Антон Радько (12-6) болуы қажет еді. Алайда ол жекпе-жектен бас тартты. Оның орнына октагонға ресейлік Роман Головинов (10-4-0) шығады. Кездесу 19 маусымда Атырауда өтеді.

Еске салайық, Қуат Хамитов кейінгі жекпе-жегін қаңтарда Магнитогорскіде өткізіп, ресейлік Максим Пантелеевті бірінші раундта нокатуқа түсірген еді.