Эрик Мартинссон - «Барыс» хоккей клубының осы маусымдағы алғашқы жаңа ойыншысы, деп жазады Prosports.kz.

Швед қорғаушысы клубпен бір жылдық келісімшартқа қол қойды.

28 жастағы қорғаушы бүкіл мансабын өз елінде өткізді, екі рет ел чемпионы болды. Өткен маусымда Эрик Швецияның элиталық сериясында бақ сынайтын "HV71" командасында ойнады. 56 кездесуге қатысып, 37 (5+32) ұпай жинады.