Түркістан тұрғыны «Тұран» футбол клубының тарихында команданың өз алаңындағы матчына билет сатып алған алғашқы адам атанды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл билетті Анарбек есімді тұрғын сатып алған.

Еске салайық, бүгін елорда уақытымен 20:00-де «Түркістан Аренада» «Тұран» мен «Қызыл-Жар» кездеседі.