Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындығын жалғастырып жатыр. Ригаға аттанбас бұрын құрама ойыншылары екіге бөлініп, өзара жолдастық матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚХФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Командалар «көк» және «ақ» түстерге бөлінді. «Ақ» түстілер бұл ойында 5:1 есебімен жеңді.