Талдықорғандық «Жетісу» украиналық қорғаушы Ризван Аблитаровпен келісімшартқа отырғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ризван Аблитаров Өзбекстанның Шахрисабз қаласында дүниеге келген. Ол УОР командасының түлегі (Симферополь).

Футболшының соңғы клубы Донецкінің «Олимпик» командасы болды. Қазақстанда Аблитаров «Атырау» және «Қайсар» командаларында өнер көрсетті.