Қазақстандық файтер Арман Оспанов (11-3) келесі жекпе-жегін PFL-да өткізеді, деп жазады Prosports.kz сайты.

Arlan MMA Pro Team командасы мәлім еткендей, Арман Оспанов 10 маусымда өтетін Professional Fighters League лигасының турнирінде франциялық Энтони Дизиге қарсы жұдырықтасады.

Бұған дейін ресейлік ММА инсайдері Игорь Лазорин Instagram-парақшасында Арман Оспанов PFL-да жекпе-жек өткізетінін мәлімдеген еді.

Айта кетейік, «Сұңқар» сегізбұрышқа соңғы рет 2020 жылы наурызда, ACA 105 турнирі аясында шықты. Алматыда өткен кеште ол ресейлік Расул Мирзаевты бірінші раундта нокаутқа жіберген болатын.