Бүгін, 8 мамырда шабуылшы Неймар «Пари Сен-Жермен» футбол клубымен жаңа келісімшартқа қол қояды.

Журналист Фабрицио Романо мәліметінше, Неймардың жаңа келісімшарты 2026 жылға дейін жасалға. Ал жылдық табысы таза 30 миллион еуроны құрайды.

Айта кетейік, ПСЖ-ға 2017 жылы «Барселонадан» ауысып келді. Сол кезде париждік клуб оның трансферіне 222 млн еуро шығындаған. Оның клубпен қазіргі келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін жарамды.