Англияда УЕФА-ны Чемпиондар лигасы финалының уақытын өзгертуге шақырды.

Ағылшындар Түркиядағы коронавирус ахуалының нашарлап, шектеу шаралары болады деп қорқады.

Қазірдің өзінде "ағылшын" финалына 8 мыңдай жанкүйер аттануға дайын отыр. Ал Түркияда Ұлыбританиямен салыстырғанда коронавирус жұқтыру дерегі 12 есе жоғары болып тұр.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының финалына ағылшынның «Челси» мен «Манчестер Сити» командалары шықты.