Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан Мәскеуде медициналық тексерістен өтіп жатыр.

Одан бөлек, Бауыржан Мәскеуде ЦСКА клубы мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновпен кездесті. Бұл жайлы футболшы өзінің инстаграм (сторис) парақшасында жариялады.

Естеріңізге сала кетейік,

Исламхан күзден бері жасыл алаңға шыққан жоқ. Бұған оның қан сынамасынан допинг табылғаны себеп болды. Осы үшін оны Азия футбол қауымдастығы екі жылға шеттеті.

Бауыржан Исламхан қазір Ресейде медициналық тексерістен өтіп жүр. Сондай-ақ ол ЦСКА ойыншысы Бақтиер Зайнутдиновпен кездесті.