Қазақстандық Жәмила Бақбергенова грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Болгарияда өтіп жатқан іріктеу турнирінде жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Болгариядағы турнирде Токио Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынады. Лицензияны турнирдің финалистері алады.

Бүгін әйелдер күресінен жарыс өтіп жатыр. Қазақстан атынан шыққан үш спортшымыздан тек Бақбергенова (68 кг) жартылай финалға шықты. Енді ол әзербайжандық Элис Маноловамен кездескен. Қазіргі уақытта Қазақстан еншісінде әйелдер күресінен үш жолдама бар.

Жартылай финал белдесулері елорда уақытымен 19:00-де басталады.