20 жастағы қорғаушы Давид Муратов «Барыс» хоккей клубымен сынақ келісімшартына қол қойды, деп жазады Prosports.kz.

Елордалық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, хоккейші мен клуб арасындағы жаңа келісімшарт екі маусымға арналған (2023 жылдың 30 сәуіріне дейін).

20 жастағы ойыншы «Барыстың» түлегі. Өткен маусымда ол «Снежные Барсы» сапында Қазақстан чемпионатында өнер көрсетті. Муратов 40 кездесуге қатысып, 3 (1+2) ұпай жинады.