Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) 2021 жылғы футболдан Қазақстан Чемпионатының сәуір айының үздік голын анықтау мақсатымен футбол сүйер қауым және жанкүйерлер арасында арнайы сауалнама ұйымдастырды.

Сауалнама ҚКФЛ Вконтакте әлеуметтік желісінің ресми тобында өткізілді. Жанкүйерлер таңдауына 7 үздік гол ұсынылды. Шараға барлығы 1360 адам қатысты.

Сауалнама қорытындысы бойынша өткен айдың үздік голы болып 2021 жылғы футболдан Қазақстан Чемпионатының «Ақтөбе» – «Ордабасы» (4-тур) кездесуінде соғылған Игорь Сергеевтің нәтижелі соққысы атанды. Ақтөбелік шабуылшының голына 784 (57,65 %) сауалнамаға қатысушы дауыс берді.