Nur-Sultan Cycling Team спринтері қазақстандық Сергей Пономарев Италиядағы International Sprint Cup халықаралық жарысында алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спринттегі жеңісінен кейін ол кейринде де топ жарды. Ол жергілікті шабандоздар Маттео Бианки мен Франческо Чекиді озып кетті.

Тағы бір спринтеріміз Андрей Чугай жетінші орын алды.

Еске салайық, бұған дейін Пономарев пен Чугай жекелей спринтте алтынға таласып, Сергей жеңіске жеткен болатын.