Германиялық бапкер Томас Тухель Чемпиондар лигасының финалына екі командамен қатарынан екі рет шыққан алғашқы бапкер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Чемпионат» сайтына сілтеме жасап.

Өткен маусымда Тухель жаттықтырған «Пари Сен-Жермен» Чемпиондар лигасының финалында «Бавариядан» 0:1 есебімен жеңілген болатын.

Биылғы маусымда турнирдің жартылай финалында «Челси» мадридтік «Реалдан» айласын асырды.