УЕФА ресми сайты футзалдан Чемпиондар лигасының финалдық кезеңіндегі үздік төрт голды жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үздік голдар қатарына алматылық «Қайраттың» ойыншысы Диего Фавероның испаниялық «Барселона» (2:3) қақпасына соққан добы да енді.

Жанкүйерлер арасындағы сауалнама нәтижесі бойынша «Спортинг» ойыншысы Пани Вареланың голы үздік атанды.

Үздік төрт гол:1. Пани Варела («Спортинг») «Интер» қақпасына: жартылай финал2. Феррао («Барса») «Добовец» қақпасына: ширек финал3. Янар Асадов (КПРФ) «Спортинг» қақпасына: ширек финал4. Диего Фаверо («Қайрат») «Барса» қақпасына: жартылай финал.