Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (13-0) UFC-дегі келесі жекпе-жегін 26 маусымда Лас-Вегаста өткізеді.

Оның қарсыласы 39 жастағы бразилиялық Мишель Празерес (26-3) болады.

Қазір файтер Алматыда дайындалып жатыр. Ол Instagram-парақшасында Медеудегі жаттығуынан үзінді көрсетті. Шавкат АСА файтері Георгий Кичигинмен бірге дайындалып жүр.

Айта кетейік, Шавкат UFC-дегі дебжтін былтыр қазан айында өткізді. Абу-Дабиде өткен кеште жерлесіміз бразилиялық Алекс Оливейраны жеңген болатын.