Нейт Диаз бен Леон Эдвардс арасындағы жекпе-жек жоспарланға уақытта өтпейді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай орта салмақтағы айқас 15 мамырда Хьюстондағы UFC 262 алаңында өтуі керек еді, алайда Диаз жарақат алып қалды.

Диаз-Эдвардс жекпе-жегі 12 маусымдағы UFC 263 турниріне ауыстырылуы мүмкін.

Еске салайық, 36 жастағы Диас соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың қарашасында Хорхе Масвидальға қарсы өткізіп, техникалық нокаутпен жеңілді.