УЕФА-ның баспасөз қызметі футзалдан 2020/21 Чемпиондар лигасының қорытындысын шығарды және «Қайраттың» осы турнирдегі рекордтары туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz uefa.com сайтына сілтеме жасап.

«Қайрат» - жартылай финалға он мәрте қатысқан алғашқы команда. Сондай-ақ, алматылық клуб финалдық кезеңге тоғыз, ал жалпы турнирге 17 рет қатысқан. Сондай ақ, турнирде өткізген матчтар саны (85) бойынша да рекорд орнатты.

Финалдық кезеңге шығу:

«Қайрат» - 9«Барселона», «Интер», «Спортинг» — 8«Динамо» — 6

Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» жартылай финалда испаниялық «Барселонадан» 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Турнирде португалиялық «Спортинг» топ жарды.